Жәннәт-2050 балабақшасының ресми сайты
Тәрбие мен білім ұштасқан, балалық шақтың шуақты мекені

Жәннәт-2050
балабақшасына
Қош келдіңіздер!
«Жәннәт-2050» балабақшасы – балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасайтын жылы әрі мейірімге толы мекен. Мұнда әр балаға жеке көңіл бөлініп, олардың қабілетін, ой-өрісін және шығармашылығын дамытуға ерекше мән беріледі. Балабақшада сабақтар ойын түрінде өткізіліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдері қатар үйретіледі. Балалар математика, логика, сурет, ән мен би, сондай-ақ конструкторлармен жұмыс істеу және робототехника элементтерімен танысады. «Жәннәт-2050» балабақшасында 3 реттік сапалы әрі пайдалы тамақ ұйымдастырылған. Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі – біздің басты назарымызда. Мейірімді тәрбиешілер мен кәсіби педагогтар балаларға жылулық пен қамқорлық сыйлап, олардың бақытты балалық шағын қамтамасыз етеді.